"Атырау" бас бапкермен қоштасты

Сарапшы, спорт журналисі

Беларусь маманы Виталий Жуковский "Атыраудан" кетті. 

"Атырау" бас бапкермен қоштасты
sport5.by

“Атыраудағы” кезеңі: 85 матч

Клубтың баспасөз қызметі тараптар өзара келісім негізінде келісімшартты тоқтатқанын хабарлаған. Жуковский “мұнайшыларды” алғаш рет 2022 жылдың жазында тізгіндеп, үш жылдан аса уақыт ішінде командамен 85 ойын өткізген. Осы аралықта “Атырау” 28 рет жеңіп, осынша ойында тең түсіп, 29 матчта жеңілген.

Қайта оралуы және ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалуы

Кейін 2025 жылдың басында маман команданың тізгінін босатып, “Тұран” клубына кеткен. Ал арада жарты жыл өткен соң қайта оралып, клубтың ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалуына көмектесті.

Өткен ҚПЛ маусымында “Атырау” Жуковскийдің жетекшілігімен 19 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір