"Ертіс" жапониялық жартылай қорғаушымен келісім жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Павлодарлық клуб құрамын Юши Шимамура толықтырды.

"Ертіс" жапониялық жартылай қорғаушымен келісім жасады
instagram/@yushi_shimamura

Жапониялық футболшы қосылды

Керекуліктер 26 жастағы жапониялық жартылай қорғаушы Юши Шимамурамен ресми түрде келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді.

Бұл трансфер клубтың жаңа маусым алдындағы селекциялық жұмысының маңызды қадамы саналады. Қазақстандық команда осылайша ортаңғы шептегі бәсекені күшейтіп, құрам сапасын арттыруды көздеп отыр.

Юши Шимамура — жапониялық футбол мектебінен шыққан ойыншы. Ол алғашында “Токио Метрополитен” жүйесінде тәлім алған. Кейін мансабын Аргентинаға аттанып, әйгілі “Ньюэллс Олд Бойз” клубының жастар командасында өнер көрсетті.

Осыдан кейін жартылай қорғаушы Еуропаға бет бұрып, Словакия чемпионатында ойнады.

Словакияда мол тәжірибе жинады

Шимамура 2021 жылдан бастап Словакиядағы клубтарда доп тепті. Алдымен “Тврдошин” командасымен келісімге келсе, кейін “Земплин Михаловце” сапында өнер көрсетті.

Дәл осы клубта жапониялық футболшы мансабының басым бөлігін өткізді. Словакия чемпионатында 60-тан астам матчқа қатысып, тұрақты ойын тәжірибесін жинақтады.

Айта кетейік, бұған дейін павлодарлық клуб тағы бір шетелдік футболшымен келісімге келгенін хабарлаған еді. Олар тәжірибелі беларусь қорғаушысы Руслан Хадаркевичті құрамына қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір