ҚПЛ фавориті қақпашының автоголынан жеңістен айырылды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымының алғашқы ойынында Көкшетаудың "Оқжетпесі" мен семейдің "Елімайы" кездесті. 

ҚПЛ фавориті қақпашының автоголынан жеңістен айырылды
instagram.com/@fc_elimai

Иван Свиридов – маусымдағы алғашқы голдың авторы 

Кездесудегі алғашқы гол бірінші таймның 16-минутында соғылды. “Елімай” сапындағы шабуылшы Иван Свиридов өз мүмкіндігін мүлт жібермей, семейлік клубты алға шығарды.

Бұл гол маусымдағы алғашқы ресми голдардың бірі ретінде тіркелді.

Алайда “Оқжетпес” қарсыласқа есе жіберген жоқ. Көкшетаулық ұжымның шабуылшысы Оралхан Өміртаев таразы басын теңестіріп, өз командасын жеңілістен алып шықты.

Осылайша ҚПЛ-2026 маусымының алғашқы матчында командалар ұпай бөлісті.

Екінші турда кіммен ойнайды?

Келесі турда екі команданы да маңызды кездесулер күтіп тұр.

“Елімай” өз алаңында Премьер-лиганың дебютанты “Алтайды” қабылдайды. Ал “Оқжетпес” сырт алаңда тағы бір “жаңа команда” — “Каспиймен” кездеседі.

Өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша қос клуб әртүрлі нәтиже тіркеді. Көкшетаулықтар 35 ұпай жинап, маусымды сегізінші орынмен аяқтады. Ал семейлік клуб 48 ұпай еншілеп, турнир кестесінде төртінші орынға тұрақтады. Осы нәтиженің арқасында команда УЕФА Конференция лигасына жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір