"Қайрат" – "Ақтөбе": Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Сарапшы, спорт журналисі

Аталған матч ҚПЛ-дің екінші туры аясында Алматыда өтеді. 

"Қайрат" – "Ақтөбе": Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
astanatv.kz

16 наурыз, яғни бүгін, Алматыда Қазақстанның танымал клубтары – "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасында футбол матчы өтеді.

Ойынға байланысты Алматы қаласы полиция департаменті стадион аумағында және оның маңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Бұл туралы курсив медиа хабарлады. 

Нақты себебі неде?

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдиновтің айтуынша, спорттық іс-шара кезіндегі қоғамдық тәртіп тұрақты бақылауда болады.

"Матч өтетін күні стадион мен оның маңындағы аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Ойын өтетін аумақ толық бақылауда болады", – деді ол.

Сондай-ақ департамент басшысы жанкүйерлерді стадионда тәртіп сақтауға шақырды.

"Футбол – эмоция, командаға деген қолдау мен жанкүйерлік. Алайда барлығына ортақ бір қағида бар: заң мен қоғамдық тәртіп кез келген эмоциядан жоғары", – деді Айдын Қабдулдинов.

Еске сала кетейік, "Қайрат" пен "Ақтөбе" ойынына билеттердің барлығы бір тәуліктің ішінде сатылып кеткен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір