Неймар Бразилия құрамасына шақырыла ма? Футболшының өзі жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі

Сұхбат барысында жұлдыз ойыншы ұлттық құраманы әрдайым қолдайтынын жеткізді. 

Неймар Бразилия құрамасына шақырыла ма? Футболшының өзі жауап берді
Sports24.kz

Бразилиялық шабуылшы Неймар "Коринтиансқа" қарсы өткен матчтан кейін ұлттық құрамаға шақырылу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Бұл кездесу 15 наурыз күні өтіп,1:1 есебімен аяқталған.

Неймар ұлттық құраманы әрдайым қолдайтынын айтты

Матчтан кейінгі флеш-сұхбат барысында Неймарға жаңа бапкер Карло Анчелотти оны Бразилия құрамасына шақыра ма деген сұрақ қойылды.

"Ертең шақыру бола ма? Мен шақырылсам да, шақырылмасам да, Бразилия құрамасын әрқашан қолдаймын", — деді Неймар.

Бұған дейін бірқатар шетелдік басылымдар Неймар Бразилия құрамасының алдын ала тізіміне енгізілгені туралы ақпарат таратқан. Команда 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында құрамды жаңартып жатыр.

"Коринтиансқа" қарсы ойында нәтижелі пас берді

"Коринтиансқа" қарсы матчта Неймар алаңда толық 90 минут өнер көрсетті. Ол ойын барысында бір нәтижелі пас беріп, командасының гол соғуына үлес қосты.

Айта кетейік, жақын күндері Бразилия құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді:

  • 26 наурыз — Бразилия vs Франция
  • 1 сәуір — Бразилия vs Хорватия
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір