Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турында "Тобыл" Қостанайда талдықорғандық "Жетісуды" қабылдап, маңызды ұпайдан қағылды.
Бірінші таймда екі команда да сақ ойнап, қауіпті сәттер аз болды. Соның салдарынан алғашқы 45 минутта жанкүйерлер гол көрген жоқ.
Есесіне екінші тайм басталғаннан кейін ойын қыза түсті. 58-минутта Урош Милованович баспен дәл соққы жасап, қостанайлық клубты алға шығарды. Арада небәрі екі минут өткенде Жасұлан Жұмашев айып алаңы сызығының маңынан сәтті соққы жасап, есепті еселеді.
Осы сәттен кейін “Тобыл” матч тағдырын шешіп қойғандай көрінген. Бірақ “Жетісу” берілмеді. 67-минутта Жақыпбаев есеп айырмасын қысқартып, интриганы қайта тірілтті. Ал 90+7-минутта Серікжан Мұжықов пенальтиді мүлт жібермей, командасын жеңілістен құтқарып қалды.