"Ақтөбе" бас бапкерге қатысты шешім қабылдады
Болгариялық маман Николай Костов жуық арада клубтан ресми түрде кетеді.
Instagram/@fcaktobe_official
Соңғы нәтижелер шешімге әсер етті
Николай Костовтың жетекшілігімен ақтөбелік ұжым соңғы екі ойында қатарынан жеңіліске ұшырады. Алдымен команда Алматының "Қайратқа" 0:1 есебімен есе жіберсе, кейін Семейдің "Елімайынан" 1:4 есебімен ойсырай жеңілді.
Осы сәтсіз нәтижелерден кейін клуб басшылығы бапкерлік штабқа қатысты шешім қабылдады.
Жаңа бас бапкер іздейді
Ақпаратқа сәйкес енді "Ақтөбе" басшылығы жаңа бас бапкерді іздеу жұмысына кіріседі. Сонымен қатар клуб трансферлік терезе жабылғанға дейін құрамды күшейтуге басымдық беріп отыр.
Айта кетейік, Николай Костов бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында бірнеше клубта жұмыс істеген. Атап айтқанда, ол Ақтаудың "Каспий" клубын және Қарағандының "Шахтерын" жаттықтырды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet