Африкалық команда Қазақстанмен шеберлік байқасу үшін Астанаға келді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл туралы Namibia Press Agency басылымы хабарлады.

Африкалық команда Қазақстанмен шеберлік байқасу үшін Астанаға келді
Sports24.kz

"Батыл жауынгерлер" лақап атымен танымал Намибия құрамасы FIFA Series турнирі аясында Қазақстан, Кувейт және Комор аралдары қатысатын шағын турнирге қатысу үшін Астанаға келді. Африкалық ұжым бірден матч алдындағы дайындыққа кірісіп кеткен. Бұл туралы Namibia Press Agency басылымы хабарлады.

Ұзақ жолдан кейін футболшылар жеңіл жаттығу өткізді. Негізгі мақсат:

  • бұлшықеттерді босаңсыту;
  • шаршауды басу;
  • алдағы ойынға физикалық дайындықты қалпына келтіру.

"Команда ұзақ сапардан кейін қалпына келу жаттығуын өткізді. Бұл алдағы сынаққа дайындалудың бір бөлігі", — делінген хабарламада.

Қазақстан мен Намибия арасындағы кездесу:

  • 25 наурыз күні;
  • Астана қаласында өтеді.

Араға бірнеше күн салып, яғни, 31 наурызда Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы ойнайды.

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір