Қазақстан — Мажарстан матчы басқа жерде өтеді
Қазақстан құрамасының Венгрияға қарсы жолдастық матчының өтетін орны өзгертілді.
Фото: ҚФФ
Алғашында ойын “Түркістан Аренада” өтеді деп жоспарланған. Алайда соңғы шешімге сәйкес кездесу 9 маусымда Венгрияның Дебрецен қаласында өтпек.
Алдағы уақытта ұлттық құрама Армениямен де жолдастық матч өткізеді. Кездесу 6 маусымда Еревандағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда жоспарланып отыр. Бұл матч екі ел арасындағы тоғызыншы кездесу болмақ. Бұған дейін екі команда соңғы рет екі жыл бұрын алаңға шыққан.
Осылайша, маусым айындағы халықаралық үзіліс аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі ойын өткізеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet