Өзбекстан FIFA Series турнирінің чемпионы атанды
Өзбекстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінің шешуші матчында Венесуэланы тізе бүктірді.
Бәрін пенальти сериясы шешті
Ташкенттегі "Бунёдкор" стадионындағы кездесу негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Матч 0:0 есебімен аяқталды.
Бірақ пенальти сериясында өзбекстандық футболшылар дәлдікті жоғалтпай, қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.
Топтағы тағы бір матчта Габон құрамасы Тринидад және Тобагоны пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтты. Ал негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталған.
Осылайша шағын турнир қорытындысы бойынша:
- Өзбекстан — 6 ұпай, 1-орын
- Венесуэла — 3 ұпай, 2-орын
- Габон — 2 ұпай, 3-орын
- Тринидад және Тобаго — 1 ұпай, 4-орын
Өзбекстан турнирді сенімді бастады
Еске салсақ, Өзбекстан алғашқы ойында Габонды 3:1 есебімен жеңді. Ал Венесуэла Тринидад және Тобаго құрамасын 4:1 есебімен ойсырата ұтқан.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.