Қазақстан құрамалары бүгін 4 матч өткізеді. Қайдан көреміз?

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл ойындар Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдері мен FIFA Series турнирі аясында ұйымдастырылады. 

Қазақстан құрамалары бүгін 4 матч өткізеді. Қайдан көреміз?
kff.kz

31 наурыз күні футболдан Қазақстан құрамалары халықаралық турнир аясында бірнеше матч өткізеді. 

U-17: Қазақстан — Чехия матчы Данияда өтеді

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеу турнирі аясында Чехиямен кездеседі. Ойын Данияның Хельсингёр қаласында өтеді.

  • Басталу уақыты: 18:00 (Астана уақытымен)
  • Өтетін орны: Хельсингёр, Дания
Фото: kff.kz

Екі турдан кейін Қазақстан құрамасында 1 ұпай бар. Команда Австриямен сенсациялық түрде 0:0 есебімен тең ойнап, Даниядан 0:3 есебімен жеңілді. Ал Чехия құрамасы екі ойында да тең нәтиже тіркеді (1:1).

Турнирлік кесте (А4 тобы):

  1. Дания — 4 ұпай
  2. Чехия — 2 ұпай
  3. Австрия — 2 ұпай
  4. Қазақстан — 1 ұпай

Айта кету керек, Қазақстан — топтағы әлі гол соға алмаған жалғыз команда.

Фото: Sports24.kz

U-19: Қазақстан Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды

Бүгін, сондай-ақ, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы да алаңға шығады. Қарсылас — Солтүстік Ирландия.

  • Басталу уақыты: 19:00
  • Өтетін орны: Буфте, Румыния

Жастар құрамасы Ирландиямен кездеседі

Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Түркістан қаласында Ирландияға қарсы ойнайды. Бұл — Еуро-2027 іріктеу кезеңінің кездесуі.

  • Басталу уақыты: 20:00
  • Тікелей эфир: "Qazsport" телеарнасы

Қазақстан 6 ойыннан кейін 4 ұпаймен топта соңғы орында тұр. Ирландия құрамасы 8 ұпаймен үшінші сатыда.

Турнирлік кесте (D тобы):

  1. Англия — 16 ұпай
  2. Словакия — 16 ұпай
  3. Ирландия — 8 ұпай
  4. Андорра — 7 ұпай
  5. Молдова — 5 ұпай
  6. Қазақстан — 4 ұпай

Соңғы матчта Қазақстан Словакиядан 1:3 есебімен жеңілсе, Ирландия Молдовамен 1:1 есебімен тең түсті.

Фото: kff.kz

Қазақстан — Комор аралдары: FIFA Series финалы

Ұлттық құрама Астанада Комор аралдарына қарсы ойнайды. Бұл матч FIFA Series турнирінің шешуші кездесуі болады.

  • Басталу уақыты: 17:00
  • Тікелей эфир: "Qazsport"

Қазақстан алғашқы ойында Намибияны 2:0 есебімен жеңді. Гол авторлары — Ян Вороговский мен Әлібек Қасым. Ал Комор құрамасы Намибиямен негізгі уақытта 0:0 ойнап, пенальтиде жеңілді.

Топтағы жағдай (4-топ):

  1. Қазақстан — 3 ұпай
  2. Намибия — 2 ұпай
  3. Комор аралдары — 1 ұпай

Бұл кездесудің нәтижесі турнир жеңімпазын анықтайды.