Қазақстан FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирін бірінші орынмен аяқтады.

Қазақстан FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды
instagram/@kff_team

Матч тағдырын Рамазан Оразов шешті

Ойынның жалғыз голын 4-минутта жартылай қорғаушы Рамазан Оразов соқты. Ол қорғаушының қателігін пайдаланып, бос тұрған қақпаны бағындырды. Осылайша бұл соққы шешуші сәтке айналып, ұлттық командаға маңызды жеңіс сыйлады. 

Осыдан кейін ойын екі жаққа да қауіпті шабуылдарға ұласты. Оралхан Өміртаев офсайдтан гол соқты, ал Максим Самородов допты бағанаға тигізді.

Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы шағын турнирде алты ұпай жинап, 4-топта бірінші орынға тұрақтады.

Топтағы қорытынды кесте былай қалыптасты:

  • Қазақстан — 6 ұпай
  • Намибия — 2 ұпай
  • Комор аралдары — 1 ұпай

Осылайша Қазақстан құрамасы FIFA Series додасында өз тобын жеңіспен аяқтады.

Турнирдегі екінші жеңіс

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы турнирдің алғашқы матчында Намибияны 2:0 есебімен жеңген. Ал Комор аралдарына қарсы ойын ел құрамасының жарыстағы екінші жеңісіне айналды.