ӘЧ-2026 барлық қатысушылар анықталды. Инфантино не дейді?
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын барлық құрамалар белгілі болды.
Қатысушылардың басым бөлігі іріктеу арқылы жолдама алса, соңғы құрамалар плей-офф ойындарының нәтижесінде анықталды. Осылайша, 48 команданың толық тізімі жасақталды. Іріктеудегі басты сенсациялардың бірі – Италия құрамасының тағы да әлем чемпионатына қатыса алмауы. Соңғы рет италиялықтар мундиальда 2014 жылы ойнаған. Бұл жолы Босния-Герцеговина құрамасы пенальти сериясында басым түсіп, Италияны жарыс жолынан шығарды.
Соңғы жолдамалар кімдерге бұйырды?
Бүгін ғана аяқталған матчтардан кейін тағы алты команда мундиалға жолдама алды. Еуропалық іріктеуде Босния Герцеговинадан бөлек Түркия, Чехия және Швеция құрамалары жолдама алды. Ал құрлықаралық плей-оффта Конго Демократиялық Республикасы мен Ирак жеңіске жетіп, турнирге соңғы қатысушылар ретінде тіркелді.
Бұл 2023 жылдың қыркүйегінде басталып, алты конфедерацияны қамтыған іріктеу процесінің соңғы кезеңі болды. Аталған турнир үш елде алғаш рет 104 матч өткізілетін футболдан ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ. Чемпионат бекітілген мемлекеттердің 16 қаласында өтеді, АҚШ-тың 11 қаласы, Мексиканың үш және Канаданың екі өңірінде. 11 маусымда Мехикодағы Ацтека стадионында Мексика турнирдің ашылу матчында Оңтүстік Африкамен ойнайды. Жаңа әлем чемпионы 19 шілдеде Нью-Джерсидегі Метлайф стадионында марапатталады.
Иран матчтары қайда өтеді?
Чемпионатта 12 топ болса, қазір әлем ең назарында G тобы Бельгия, Египет, Иран және Жаңа Зеландия. Иран құрамасының турнирге қатысуы геосаяси жағдайға байланысты әлі де талқыланып жатыр. Джанни Инфантино басқаратын FIFA матчтар жоспар бойынша өтетінін мәлімдеді. Соған қарамастан, Иран тарапы ойындарды АҚШ-тан басқа елге көшіру мүмкіндігін қарастыруда.
"Матчтар жеребеге сәйкес , болуы керек жерде ойналады. Мен команданы көрдім, ойыншылармен және жаттықтырушымен сөйлестім, сондықтан бәрі жақсы."
Сонымен қатар, Мексика президенті Клаудия Шейнбаум қажет болған жағдайда өз елінде турнирдің бірінші кезеңіндегі Иранның матчтарын өткізуге дайын екенін айтты.