ҚПЛ клубтарына тағы да айыппұл салынды

Сарапшы, спорт журналисі

30 наурызда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және әдеп комитетінің отырысында Премьер лиганың  2-3 турында өткен ойындарға қатысты клубтарға бірқатар санкциялар жарияланды.

ҚПЛ клубтарына тағы да айыппұл салынды
Фото: ҚПЛ

Жанкүйерлер әрекеті үшін айыппұлдар

“Қайсар” - “Астана”

“Қайсар” клубы жанкүйерлерінің бас төрешіге балағат сөздер айтуына байланысты 60 АЕК (259 500 теңге) көлемінде айыппұл алды. Айыппұлды 2026 жылғы 30 сәуірге дейін төлеуі тиіс. 

“Қайрат”- “Ақтөбе” 

"Қайрат"-"Ақтөбе" командалары арасындағы матчта жанкүйерлердің қарсыласқа дөрекі сөздер айтқаны үшін ескерту жасалды.  Ал “Ақтөбе” клубының 4 ойыншысы мен қақпашылар бапкерінің ескерту алғаны үшін 100 АЕК (432 500 теңге) айыппұл салынды.

Ойыншылар дисквалификацияланды

“Ертіс”- “Атырау” кездесуінде павлодардық ойыншы Ибрагим Фард өрескел ойын көрсетіп, ереже бұзғаны үшін 3 матчқа шеттетілді. Жаза 17 наурыздан бастап есептелетін болады. “Ертіске” қарсы матчта тәртіп бұзғаны үшін "Қызылжар” ойыншысы Юрий Перцух 3 ойынға дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 21 наурыздан бастап есептеледі. Аталған матчта жанкүйерлердің ресми тұлғаларға су шашқан орынсыз әрекеті үшін клубқа 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, айыппұл 30 сәуірді қоса алғанда төленуі тиіс.

Ұйымдастырушылық кемшіліктер

“Ордабасы” клубына “Қайсарға” қарсы матч кезінде электронды таблоның істен шығуына байланысты ескерту жасалып, мәселені келесі ойынға дейін шешу тапсырылды.

“Жетісу“ ФК алматылық “Қайратпен” ойын алдында алаңды суармағаны үшін 60 АЕК көлемінде айыппұл алды. Клуб айыппұлды 30 сәуірге дейін төлеуі тиіс.                                    Ал “Алтай” ФК  “Каспиймен” өткен матчта команданың тәртіп бұзып, 5 футболшы мен бас бапкердің ескерту алғаны үшін өскемендік клубқа 100 АЕК (432 500 теңге) көлемінде айыппұл салынып, 30 сәуірге дейін төлеу міндеттелді.