Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысатын ойыншылар белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастады. Команда Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясындағы ойындарға дайындалуда.

Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысатын ойыншылар белгілі болды
ҚФФ

Матчтар 9-15 сәуір аралығында Мальта аралында өтеді. Қазақстан құрамасы В лигасының 3-тобында Болгария, Израиль және алаң иесі Мальтаға қарсы ойнайды. Бас бапкер Ксения Постовая іріктеу ойындарына шақырылған футболшылар тізімін жария етті.

Қақпашылар:
Айша Шәріп (“Астана”), Каролина Гук (“Астана”), Зарина Хайтметова (“Ордабасы”).

Қорғаушылар:
Аделя Бекқожина (“Жеңіс”), Дарья Толкачева (“Қайрат”), Айдана Байжанова (“Ертіс”), Милана Головкова (“Қайрат”), Томирис Максим (“Алтай”), Әнел Мейманбай (“Қайрат”), Рамина Омарова (“Қайрат”), Нұрсая Сұлтан (“Қызылжар”), Малика Тоқтар (“Жеңіс”), Шахноза Холбаева (“Қызылжар”), Ажар Шөкетаева (“Астана”).

Жартылай қорғаушылар:
Данагүл Ахметжан (“Жеңіс”), Әсел Жолболат (“Қызылжар”), Айсана Зекен (“Астана”), Дарья Компаниец (“Тобыл”), Елизавета Медведева (“Ертіс”), Айя Муттари (“Қайрат”), Варвара Цой (“Тобыл”)

Шабуылшылар:
Жансезім Айсапар (“Қызылжар”), Ару Ермағамбетова (“Қайрат”), Айзере Мұратжан (“Жеңіс”), Ангелина Остер (“Қайрат”).

Бапкерлер штабы

Команданы Ксения Постовая басқарады. Аға бапкердің көмекшісі - Ұлболсын Жолшиева. Сонымен қатар штаб құрамында дене дайындығы бапкері Ербол Мұсабаев, қақпашылар бапкері Ирина Саратовцева және басқа да мамандар бар.

Әйелдер арасындағы Еуропа-2026 чемпионаты 21 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Әзербайжан, Түркия, Чехия және Швецияның төрт қаласында өтеді.