Танымал футбол клубы ел чемпионатынан кетіп қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан чемпионатында шу шықты. 

Танымал футбол клубы ел чемпионатынан кетіп қалды
instagram/@sdfamily.prof

Чемпионаттан неге шықты? 

Қазақстан футболында күтпеген жаңалық болды. Астаналық "SD Family" Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатынан ресми түрде бас тарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы жарысты ұйымдастыратын құрылымдарға ресми ақпарат жолданған. Мәлімет кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясына жеткізілген. Осыған байланысты турнирдің күнтізбесіне және турнирлік кестесіне регламентке сәйкес өзгерістер енгізіледі.

Себебі белгісіз

Қазір клубтың нақты қандай себеппен жарыстан кеткені толық жарияланған жоқ. Бұл шешім қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін тосын жаңалық болды.

Еске салсақ, 2026 жылдың басында "SD Family" өз еркімен Бірінші лигадағы өнерін тоқтататынын хабарлаған. Сол кезде команда жаңа маусымды Екінші лигада бастайтынын жариялады. 

Алайда енді клуб бұл турнирден де ресми түрде шығып отыр.

Өткен маусымдағы нәтиже

Елордалық клуб өткен маусымда Бірінші лигада 23 ұпай жинап, 14 команданың арасында 11-орынға тұрақтаған.

Команданың көрсеткіші жоғары болмағанымен жаңа маусымда жағдайын түзетуге мүмкіндік бар деп бағаланған еді.