ӘЧ-2026: Билеттер 11 мың долларға дейін қымбаттады
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ашық билет сатылымы жанкүйерлер үшін күтпеген бағаларды көрсетті.
Баға неге күрт өсті?
Алғашқы жоспар бойынша турнирді қабылдайтын АҚШ, Канада және Мексика финал билеттерінің ең жоғарғы бағасын 1550 доллар деп көрсеткен. Бірақ желтоқсанда фан-клубтарға арналған сатылымда баға 8680 долларға жетті және соңғы ашық сатылымда 11 000 долларға дейін өсті. Бұл бастапқы бағадан шамамен 38% жоғары. Ал 2022 жылғы чемпионатта ең қымбат билет 1604 доллар болған.
ФИФА билет құнын “динамикалық баға” арқылы анықтайды. Бұл жүйе сұранысқа байланысты бағаның өзгеруіне мүмкіндік береді. Яғни, сұраныс жоғары болса баға өсіп немесе керісінше арзандайды.
Халықаралық ұйым нақты баға құрылымын ашық жарияламайды. Бұл да сынға себеп болып отыр. Сәрсенбі күні финалға билеттерді ашық сату басталғанда екінші санаттағы билеттердің құны 32% - ға өсіп, 7380 доллар болса, үшінші категориялалар 38% - ға қымбаттап, қазір 5785 доллар тұрады. Билеттер жарияланған күні-ақ топтық кезеңдегі 72 матчтың 17-сіне билеттер түгелдей сатылып кеткен.
ФИФА хаос орнатты
Ұйымдастырушылардың қателігіне байланысты билет сатып алу процесі хаосқа айналды. Қалған матчтарға билеттер сатып алу үмітімен сайтқа кірген жанкүйерлер бір сағаттан артық қозғалмайтын кезекке тұрып қалған. Сонымен қатар халықаралық федерация бұл күні қандай матчтарға билеттер сатылатынын да алдын ала ескертпеген.