Дастан Сәтпаев үздіктер тізіміне кірмеді

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық спорт медиасы 21 жасқа дейінгі әлемнің үздік 39 футболшының жаңартылған рейтингін ұсынды. 

Дастан Сәтпаев үздіктер тізіміне кірмеді
"Қайрат" ФК

ТОП-3 жас футболшылар

Рейтингтің бірінші орнына Ламин Ямаль лайық деп танылды. “Барселонаның" 18 жастағы шабуылшысы биылғы маусымда нәтижелі ойынымен ерекшеленіп, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.                                                                                                                            Екінші орынға Арда Гюлер жайғасты. “Реал Мадридтің” жартылай қорғаушысы нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті.                                               

Үздік үштікті Жоау Невеш түйіндеді. “ПСЖ “сапында өнер көрсететін португалиялық ойыншы тұрақтылығы және әмбебаптығымен ерекшеленеді.

Сәтпаев тізімге енбеді

Қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев бұл рейтингке кірмеді. 17 жастағы шабуылшының “Челсиге” ауысуы күтілуде. ESPN тізімінде “Челсиге” қатысы бар бірнеше жас ойыншы аталды. Олардың қатарында Эстеван Виллиан (13-орын), Андрей Сантос (27-орын) және Жеовани Кенда (28-орын) бар.

Рейтингті норвегиялық футбол скауты Тор-Кристиан Карлсен құрастырған. Таңдау кезінде бірнеше негізгі критерий ескерілген:

  • жоғары деңгейдегі тұрақты ойын
  • ұзақ мерзімді нәтижелілік
  • әлемдік деңгейге шығу әлеуеті
  • 2026 жылдың 1 сәуірінде ойыншылардың жасы 21 жастан аспауы қажет

Сондай-ақ ESPN тілшілері әртүрлі аймақтардан нақтырақ Еуропа, Оңтүстік Америка, Азия және Африкадан ақпарат жинап, ауқымды талдау жүргізген. Алғашқы 100 ойыншыдан тұратын ұзақ тізімнен негізгі критерийлерге сәйкес келетін 39 үздік футболшы таңдалған.

Сарапшылардың айтуынша, рейтингте шабуылшылардың көп болуы заңдылық. Себебі жас ойыншылар арасында дәл осы позициядағылар негізгі құрамға ертерек еніп, өздерін көрсетуге мүмкіндік алады.