"Ордабасы" – "Атырау" матчында төрешілер қателігі тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

ҚФФ "Ордабасы" мен "Атырау" матчындағы төрешілердің өрескел қателігіне қатысты дауға түсініктеме берді. 

"Ордабасы" – "Атырау" матчында төрешілер қателігі тіркелді
"Атырау" ФК

Қазақстан футбол федерациясы төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясындағы даулы сәттерге ресми түсініктеме берді. 

82-минут:

 “Атырау” командасының №14 және №55 ойыншылары қақпаға өте жақын жерден баспен соққы жасайды. Осы сәтте №78 ойыншы офсайдта тұрған, бірақ ол №20 қорғаушыға еш әсер етпейді. 

  • Төреші мен көмекшісі алғашында голды дұрыс есептеген.                                                                                                                                                                           
  • Эпизодты қарағаннан кейін VAR-дың араласуы – қате. Ал голды офсайд деп есептемеу – төрешінің қате шешімі.

90+7-минут:

Шабуылшы мен қорғаушы арасындағы минималды контакт үшін пенальти берілген.  Бұл эпизод – ереже бұзу деп саналмайды.

  • VAR араласпауы - қате
  • Пенальти тағайындау шешімі - қате

90+13-минут:

Алаң иелерінің №17 және қонақтардың №6 ойыншылары допқа баспен секіреді. №17 ойыншы қолын қарсыласының бетіне тигізгені үшін төреші бірден ойынды тоқтатқан. Айып соққысын белгілеп ойыншыға қызыл қағаз көрсеткен. Қол қосымша қозғалыссыз және шамадан тыс күш қолданбай тиген, сондықтан абайсыз әрекет үшін сары қағаз болуы керек еді.

  • VAR араласпауы – қате.
  • №17 ойыншының алаңнан қуылуы – қате.

“Елімай” - “Тобыл”

Елімай мен Тобыл матчында керісінше, төрешілердің әрекеті дұрыс деп бағаланды.

55-минут: 

  • Шабуылшы қолмен ойнап, кейін гол соғылған.
  •  VAR дұрыс араласты, эпизодты қарағаннан кейін , қарсылас командаға айып соққы берілді

72-минут:

  • Қостанайлық қорғаушы қарсыласын құлатып, пенальти белгіленді.
  • VAR шешімі дұрыс, сары қағаз орынды.

“Ертіс” - “Алтай”

“Ертіс” пен “Алтай” ойынында соңғы минуттағы эпизодта айқын гол соғу мүмкіндігі тоқтатылған.

ҚФФ шешімі:

  • VAR дұрыс араласпады.

  • “Алтай” ойыншысына қызыл қағаз көрсету - дұрыс

ҚФФ талдауы көрсеткендей, 4-турда әсіресе “Ордабасы” – “Атырау” матчында төрешілер тарапынан бірқатар өрескел қателіктер кеткен.