Жеті футболшы елге қайтудан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі

Іріктеу матчынан кейін Эритрея ойыншылары ОАР аумағында қалып қойған. 

Жеті футболшы елге қайтудан бас тартты
matchtv.ru

Эритрея ұлттық құрамасының жеті футболшысы сырт алаңдағы матчтан кейін өз еліне қайтудан бас тартып, Оңтүстік Африка Республикасында қалып қойды. Бұл жағдай халықаралық футбол қауымдастығында үлкен резонанс тудырды.

31 наурыз күні Африка ұлттар кубогы-2027 іріктеу кезеңі аясында Эритрея құрамасы сырт алаңда Эсватиниді 2:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бірінші матч 2:0 (Эритрея пайдасына) есебімен аяқталды. Жалпы, екі ойын қорытындысы бойынша Эритрея келесі кезеңге өтті. Осылайша, команда 19 жылдан кейін алғаш рет топтық кезеңге шықты.

Жеті ойыншы елге оралмады

Матчтан кейін құраманың бірнеше ойыншысы елге қайтудан бас тартқаны белгілі болды. Ойыншылар қазір ОАР аумағында. Шетелдік клубтарда ойнайтын 10 футболшының тек 3-еуі ғана елге оралған. 

Бұл бірінші жағдай емес

Эритрея құрамасында мұндай жағдай бұрын да тіркелді. 2006 жылдан бері бірнеше футболшы шетелдегі матчтардан кейін елге оралмаған. Бұл жағдай көбіне ел ішіндегі әлеуметтік және саяси ахуалмен байланысты.
 

Материалда: