ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Ордабасы" жеңілуі керек еді - Ермұхамед Мәулен

“Бірінші болдың” тұрақты резиденттері ҚПЛ-дің төртінші турында болған даулы шешімдерді талқыға салды. 

ҚПЛ-дің басталғаны кеше ғана, алайда төрешілікке қатысты даулы мәселелер қазірдің өзінде ушыға түсті. Соңғы төртінші турдағы “Ордабасы” мен “Атырау” арасындағы матчта арбитр тарапынан болған өрескел қателік әліге дейін жанкүйерлер тарапынан шу тудырып жатыр. Тіпті, мұның өрескел қателік екенін ҚФФ-ның өзі де мойындап, күні кеше шешімін шығарып тастады.

Бұл қандай шешім? Енді ойынның шырқын бұзған төрешілерді не күтіп тұр? Жаза расымен де өте қатаң бола ма? “Ордабасы” ойынды сатып алды ма әлде оған қарсы қастандық жасалды ма? “Қара адамдар” деген кімдер? Мұның бәрін біз бүгінгі шығарылымда айтамыз. “Бірінші болдың” тұрақты резиденттері Олжас Байбосын, Ермұхамед Мәулен және Ербол Қайыров төртінші турдағы даулы мәселені жіліктеп береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.