“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы тапқан табысы жария болды

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайрат" клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев клубтың Чемпиондар лигасында тапқан табысы, футболшылардың жалақысы және спорттағы мәселелер туралы Kana Beisekeyev арнасына берген сұхбатында ашық айтты.

 

“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы тапқан табысы жария болды
"Қайрат" ФК

Кәсіпкердің құрметіне аталған ба?

Боранбаевтың айтуынша, клуб атауын өзі қоймаған.

“Бастапқыда клубтың атауы “Урожай” болған. Кейін Қонаевпен кездесу өткен, сол жерде спорт министрі мен Халықаралық олимпиада комитеті төрағасы қатысып, жаңа атауды ойластырған. Демек, бұл шешімді сол кездегі ел басшылығы қабылдаған.”

Ең қымбат трансфер

Сұхбатта клуб тарихындағы ең қымбат трансфер де сөз болды. Боранбаевтың айтуынша, алматылық команда бір ойыншының трансфері үшін ең көп дегенде 250-300 мың доллар төлеген.

Еске салсақ ,“Қайрат” сапында Андрей Аршавин, Вагнер Лав, Анатолий Тимощук сынды белгілі футболшылар ойнаған.

Чемпиондар лигасынан табыс 

Боранбаев тағы бір маңызды қаржылық көрсеткішті айтты. Клуб Чемпиондар лигасында шамамен 35 миллион доллар табыс тапқан.

Ал академия ойыншыларын дамытуға байланысты қымбат трансферлерден гөрі жастарға инвестиция жасау тиімді деген шешімге келген.

“Қымбат футболшылар алуға ақша жетпейтінін түсіндік. Трансферге көп ақша төлейсің, есептеп көрсек сол қаражатты академия мен инфрақұрылымның дамуына жұмсаған артық. Жыл сайын академияға шамамен 3 млн доллар жұмсалады. Бүгінгі таңда "Қайрат" бюджеті шамамен 10 миллион долларды құрайды, трансферлерге байланысты кейде 12 миллионға жетеді. Бұл бірінші команда, "Қайрат Жастар", академия , сонымен қатар "Қайрат" әйелдер командаларын және т.б. барлығын қоса алғандағы бюджет. Біз 5 миллион долларға дейінгі бюджет жоғары деңгейде ойнау үшін жеткілікті деп санаймыз. Біле білсеңіз, 2025 жылы Чемпиондар лигасындағы бюджет бойынша ең арзан команда болдық.”

Сұхбат барысында хоккей қаржысы сөз болып, кәсіпкер елдегі клубтардың бюджетіне тоқталды.

“Мысалы "Барыс" хоккей клубында ҚХЛ-да ойнасаңыз ресми бюджет 25 млн доллар. Егер біздің барлық қазақстандық командаларымызда 25 млн доллар болса, онда біз сөзсіз Чемпиондар лигасына да, Еуропа, Конференциялар лигасына да шығып, ойнай аламыз.”

Боранбаев келісілген ойындар мәселесіне де тоқталып, клубтың бұған мүлде қарсы екенін және ешқашан айналыспағанын бұл даму емес екенін атап өтті.