ПСЖ мен "Ювентустың" серіктесі "Ордабасыға" қызықты

Сарапшы, спорт журналисі

Шымкенттік клуб халықаралық деңгейдегі ірі келісімге қол жеткізуге жақын.

ПСЖ мен "Ювентустың" серіктесі "Ордабасыға" қызықты
ru.sputnik.kz

Қазақстан Премьер-лигасының өкілі "Ордабасы" футбол клубы әлемдік танымал Hublot брендімен ынтымақтастық орнату бағытында келіссөздер жүргізіп жатыр.

Клуб өкілі, танымал блогер Бейбіт Әлібековтің айтуынша, тараптар арасындағы келіссөздер соңғы кезеңге жеткен. Егер келісім жүзеге асса, "Ордабасыға" жаңа деңгейге шығуға жол ашады. 

Фото: thepeakmagazine.com.sg

Hublot – әлемдік нарықта спорттық және люкс сегментте танымал бренд. Бұған дейін компания ПСЖ, Ювентус секілді алпауыт клубтармен жұмыс істеген.

Келіссөздер барысы

"Бірінші бол" подкастында белгілі болғандай, жобаны жүзеге асыру үшін клуб өкілдері шетелде, соның ішінде Женевада келіссөздер жүргізген. Кездесу барысында "Ордабасы" жобасы халықаралық серіктестер тарапынан қызығушылық тудырған.

"Келіссөздер ұзақ уақыттан бері жүріп жатыр. HUBLOT – бәріне ұнайтын, спортпен тығыз байланысты бренд. Олар бұған дейін ПСЖ, "Ювентус" сияқты ірі клубтармен жұмыс істеген. Бұл жерде Геннадий Головкиннің де факторы маңызды болды".

Қазір келіссөздер соңғы кезеңге жеткен. "Ордабасы" мен коллаборация жасауға жақын.

"Біз олармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз, үлкен серіктестікке қол жеткізгіміз келеді. Женевада кездескен кезде клубқа деген қызығушылықтарын жасырмады, ұсынысымызды жақсы қабылдады", – деді Бейбіт Әлібеков подкастта. 

Болашақ жоспар

Егер келісім рәсімделсе, бұл тек маркетингтік серіктестік емес, ауқымды коллаборация жасалмақ. 

Айта кетейік, аталған подкастта “Ордабасы” президенті Дархан Қызайбай Бейбіт Әлібековтің клуб иесі атануы мүмкін екенін де айтты.