Канада Иранның футбол басшылығын елге кіргізбей қойды

Сарапшы, спорт журналисі

ФИФА конгресі алдында ирандық делегация елге аумағына кіре алмады.

Канада Иранның футбол басшылығын елге кіргізбей қойды
ria.ru

Канада билігі Иран футбол федерациясының өкілдеріне ел аумағына кіруге рұқсат бермеді. Бұл шешім Ванкуверде өтетін ФИФА конгресі қарсаңында қабылданды.

Канада сыртқы істер министрі Анита Ананд Associated Press агенттігіне берген сұхбатында ирандық делегацияға қатысты жағдайды растады:

"Бұл менің жеке шешімім емес, бірақ түсінуімше, рұқсат кері қайтарылған. Бұл әдейі жасалған әрекет емес", – деді министр.

Осылайша, Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж және тағы екі ресми тұлға Канадаға кіре алмады.

Себеп неде?

Ақпарат көздерінің мәліметінше, бастапқыда берілген визаның бар болуына қарамастан, Мехди Тадж елден депортацияланған. Бұған оның Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусымен (КСИР) байланысы себеп.

Айта кетейік, Канада КСИР ұйымын террористік ұйымдар тізіміне енгізген.

Бұған дейін Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуы тек қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болатынын мәлімдеген еді.

ФИФА конгресі

ФИФА конгресі 30 сәуір күні Ванкуверде басталады. Бұл жиынға ұйымға мүше барлық 211 федерацияның өкілдері қатысады деп жоспарланған.