Алекс Фергюсонның денсаулығы сыр берді. Аңыз бапкер ауруханаға жеткізілді

Бокс шолушысы

"Манчестер Юнайтед" аңызы "Ливерпульге" қарсы матч алдында өзін жайсыз сезінген. 

Алекс Фергюсонның денсаулығы сыр берді. Аңыз бапкер ауруханаға жеткізілді
rusfootball.info

Ағылшын футболының аңызы, "Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы бас бапкері сэр Алекс Фергюсон денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді.

84 жастағы шотландиялық маман жексенбі күні "Олд Траффорд" стадионында "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпуль" арасындағы ойынды тамашаламақ болған. Алайда стадионға келгеннен кейін өзін жайсыз сезініп, матч басталардан бір сағат бұрын ауруханаға жеткізілген.

Аңыз бапкердің мұрасы

Алекс Фергюсон 2013 жылы бапкерлік мансабын аяқтады. Ол "Манчестер Юнайтедті" 26 жыл бойы жаттықтырып, 38 трофей жеңіп алды. Соның арқасында клуб тарихындағы ең табысты бапкерлердің біріне айналды

Айта кетейік, 2018 жылы Фергюсонның миына қан құйылуына байланысты ауыр операция жасалған еді. Дегенмен қазіргі жағдайдың сол оқиғамен байланысы бар екені туралы ресми ақпарат жоқ.

Соңғы жылдары сэр Алекс біраз қиындықты бастан өткерді. 2023 жылы жұбайы Кэти қайтыс болды (57 жыл бірге өмір сүрген). 2024 жылы "Манчестер Юнайтед" клубындағы елшілік қызметінен босатылды.