Луиш Нани Қазақстанда көңілі толмайтын тұстарды атады

Бокс шолушысы

Жұлдыз футболшы ҚПЛ-ге әлі де үйренісе алмай жүрген сыңайлы. 

Луиш Нани Қазақстанда көңілі толмайтын тұстарды атады
Sports24.kz

Португалиялық жұлдыз, "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы Луиш Нани Қазақстан чемпионатына қатысты әсерімен бөлісті. Тәжірибелі футболшы ҚПЛ-ға бейімделу процесі оңай өтіп жатпағанын жасырмады. Бұл туралы sports24.kz хабарлады. 

"Шынымды айтсам, мен әлі де Қазақстан футболындағы жағдайларға бейімделіп жатырмын. Әрине, көңілімнен шықпайтын тұстар бар, бірақ оған көнуге тура келеді."

Футболшының айтуынша, матч барысында уақыттың жиі жоғалуы – негізгі мәселелердің бірі:

"Біз ережебұзушылықтарға назар аудартуға көп уақыт жоғалтамыз. Ойын барысында уақыт көп кетеді. Бірақ бұл – жергілікті футболдың бір бөлігі."

Соған қарамастан, Нани басты мақсаты – тезірек бейімделіп, командаға пайда әкелу екенін атап өтті.

Соңғы матч нәтижесі

Еске салайық, "Ақтөбе" ҚПЛ-дың 8-турында сырт алаңда "Ордабасыдан" 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Нани бұл нәтижені әділетсіз деп бағалап, команда кем дегенде тең ойынға лайық болды деген пікір білдірді.

Бұған дейін португалиялық футболшы Қазақстандағы алғашқы голын соққан еді.  Қазақстан Кубогының 1/8 финалында "Елімайға" қарсы матчта дубль авторы атанды.