Мбаппенің әрекетінен "Реалда" жанжал шықты
Жарақат алған жұлдыздың Италияға сапары команда ішіндегі ахуалды ушықтырған.
Tribuna.uz
"Реал" ойыншылары арасында түсінбеушілік ушығып барады. Испаниялық БАҚ мәліметі бойынша, бұл жолы команда ішінде наразылыққа француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің соңғы әрекеті себеп.
Ақпаратқа сәйкес, футболшылар Мбаппенің жарақатынан кейін Парижге барған алғашқы сапарына түсіністікпен қараған. Себебі ол кезде ойыншы клубтың медициналық мамандарымен бірге болған.
Алайда кейіннен сүйіктісімен бірге Италияға демалысқа аттануы командаластар тарапынан қатты сынға ұшыраса керек. Біраз ойыншы мұндай сапарды маусымның шешуші кезеңінде орынсыз деп есептейді.
"Реалдағы" дағдарыс
Осы маусымда "Реал" айтарлықтай табысқа жеткен жоқ:
- Чемпиондар лигасынан шығып қалды
- Испания Кубогында да сәтсіз өнер көрсетті.
- Ла Лигада "Барселонадан" 14 ұпайға қалып келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet