Темірлан Анарбеков топ-клубқа лайық деп танылды
Қазақ қақпашысын жоғары деңгейде көргісі келетіндер көбейіп келеді.
Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтың мансабы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін. Бұрынғы командаласы, косоволық футболшы Ильяс Зульфиу оның әлеуетін жоғары бағалап, болашағына сенім білдірді.
"Оның қасиеттері мен әлеуеті өте жақсы. Оны мүмкіндігінше жоғары деңгейде көргім келеді. Темірлан – еңбекқор ойыншы, әлеуеті өте жоғары. Ол Чемпиондар лигасындағы матчтарда өзін көрсетті, сондықтан оған тек сәттілік тілеймін", – деді футболшы.
Еуропадан қызығушылық
Бұған дейін БАҚ-та Анарбековқа Португалияның алпауыт клубтары атап айтқанда, "Бенфика" мен "Спортинг" қызығушылық танытып отырғаны хабарланған. Лиссабондық клубтар қақпашы үшін 2,5 миллион еуро ұсынуға дайын екені де айтыла бастады.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков бұған дейін "Жеңіс" клубында ойнады. Қазіргі таңда алматылық "Қайраттың" намысын қорғайды.