Аргентиналық аңыз Абдукодир Хусановқа қатысты үкімін шығарды

Спорт шолушысы

"Манчестер Сити" аңызы өзбекстандық қорғаушының ойыны мен әлеуетіне жоғары баға берді. 

Аргентиналық аңыз Абдукодир Хусановқа қатысты үкімін шығарды
Пресса.uz

"Манчестер Сити" тарихындағы үздік сұрмерген Серхио Агуэро команданың қазіргі қорғаушысы Абдукодир Хусановтың ойынына жоғары баға берді. Бұл туралы sports24.kz хабарлады. 

Аргентиналық аңыз футболшы жас қорғаушының қарым-қабілетіне ерекше тоқталды: 

"Хусанов – жылдам, агрессивті ойыншы. Маған ұнайды. Бірақ оның уақыт өте қалай дамитынын көру керек. Мен футболшыларды өз деңгейін қанша уақыт ұстай алатынына қарап бағалаймын. Егер ол осындай дәрежені 3-4 жыл сақтаса, онда әлемнің үздік қорғаушыларының бірі деп айтуға болады."

Агуэроның пікірінше, Хусановтың болашағы зор, бірақ тұрақтылық маңызды фактор болып қала береді:

"Қазір оның әлеуеті өте жоғары. Егер осылай жалғастырса, керемет болады. Десе де, жыл сайын жоғары деңгей көрсетіп жүрген басқа қорғаушылар да бар."

Хусановтың мансабы

  • 2025 жылдың қаңтарында "Ланс" клубынан "Манчестер Ситиге" ауысты
  • Трансфер құны шамамен 40 млн еуро
  • Келісімшарт 2029 жылға дейін
  • АПЛ тарихындағы алғашқы өзбекстандық футболшы

Осы маусымда өзбекстандық футболшы барлық турнирді есептегенде 33 матчқа қатысты. 

  • 18 ойын – Премьер-лигада
  • 6 матч – Чемпиондар лигасында