Төрехан Сабырхан "Ақтөбе" мен "Қайратқа" қатысты ойын айтты

Бас редактор

Қазақстан құрамасының боксшысы ҚПЛ матчына пікір білдірді. 

Төрехан Сабырхан "Ақтөбе" мен "Қайратқа" қатысты ойын айтты
Liter.kz

Қазақстан құрамасының белгілі боксшысы Төрехан Сабырхан "Ордабасы" мен "Ақтөбе" арасындағы матчқа баға беріп, алдағы маңызды ойын туралы пікірін айтты. Бұл туралы Qazsport хабарлады. 

"Ақтөбе" – осал емес

Шымкентте өткен кездесуді тамашалаған спортшы ақтөбелік клубтың деңгейіне тоқталды:

"Көріп тұрғандарыңыздай, "Ақтөбе" де осал команда емес, өте мықты қарсылас. Енді "Ордабасының" "Қайратпен" ойынын асыға күтеміз", – деді Сабырхан.

Еске салайық, ҚПЛ-дің 8-туры аясында "Ордабасы" өз алаңында "Ақтөбені" 2:0 есебімен жеңді. Ойын 3 мамыр күні Шымкентте өтті. 

Алдағы басты матч

Келесі маңызды кездесу "Ордабасы" мен "Қайрат" арасында өтеді. Ол 27 мамырға жоспарланған. 

Айта кетейік, сегіз турдан кейін "Ордабасы" — 18 ұпаймен көш басында. "Қайрат" көрсеткіші де осындай.  Тек доп айырмасы бойынша екінші орында тұр.