"Тобылды" ірі кәсіпкер басқарады
"Тобыл" клубы жақын арада жекеменшік басқаруға өтуі мүмкін.
AmanVIBE арнасының дерегіне сәйкес, “Тобыл” футболды коммерцияландыру процесінің соңғы кезеңіне жеткен. Алдағы уақытта клуб Шухрат Ибрагимовтың басқаруына өтуі ықтимал.
Менің ақпаратым бойынша, жақын арада клуб Директорлар кеңесінің төрағасы және “Eurasian Resources Group” бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимовтың басқаруына өтеді. Шухрат Ибрагимов қазақстандық бизнестің ең ықпалды өкілдерінің қатарына кіреді. Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша, 2025 жылы ол елдегі ең ықпалды 50 кәсіпкер рейтингінде сегізінші орынды иеленді.
Клубтың қазіргі жағдайы
Қостанайлық клуб Қазақстан Премьер-лигасының сегіз турынан кейін 5 ұпаймен турнир кестесінде 14-орында тұр. 3 мамырда “Жеңіспен” өткен ойында 1:0 есеппен жеңіліс тапты.
"Тобыл" 9 мамырда павлодарлық “Ертісті” қабылдайды.
Ибрагимов туралы не белгілі?
Шухрат Ибрагимов елдегі ықпалды бизнесмендердің бірі. Forbes мәліметтері бойынша, 2025 жылы Ибрагимовтар отбасы Қазақстанның ең бай адамдарының тізімінде жетінші орында болған, жалпы қаржылық жағдайы - 2 млрд доллар.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық клубтар арасында “Ақтөбе” , “Қызылжар”, “Шахтер” және “Қайсар” жекеменшікке өткен.