Көш басында ағылшын! "Алтын доптың" фавориттері анықталды
Танымал Goal басылымы 2026 жылғы "Алтын допқа" басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады.
Биылғы тізімде интрига ерекше. Лионель Месси мен Криштиану Роналду дәуірінен кейін жүлдеге нақты фаворитті анықтау бұрынғыдан да қиын бола түсуде.
Goal рейтингі бойынша қазіргі басты фаворит Гарри Кейн. “Бавария” шабуылшысы маусымдағы жоғары нәтижесінің (59 гол) арқасында көш басында тұр.
Рейтингте екінші орынға 2025/26 жылғы маусымда 25 гол соққан Ламин Ямал орналасса, үштікті 19 голмен Усман Дембеле түйіндеді. Goal сарапшыларының пікірінше, жас жұлдыз Ямалдың ойыны мен Дембеленің тұрақты формасы олардың басты фавориттердің қатарында қалуына мүмкіндік беріп отыр. Жалпы үздіктер қатарында “ПСЖ” мен “Бавария” клубтарының ойыншылары жиі кездескен.
Басылым биылғы дауыс беруге ірі әлемдік турнирлермен қатар Африка ұлттар кубогы да әсер ететінін атап өтті. “Алтын доп” иесінің тағдыры қазан айында нақты шешіледі.
ТОП-10 фаворит
- Гарри Кейн (“Бавария”)
- Ламин Ямаль (“Барселона”)
- Усман Дембеле (“ПСЖ”)
- Деклан Райс (“Арсенал”)
- Майкл Олисе (“Бавария”)
- Килиан Мбаппе (“Реал Мадрид”)
- Хвича Кварацхелия (“ПСЖ”)
- Эрлинг Холанд (“Манчестер Сити”)
- Витинья (“ПСЖ”)
- Луис Диас (“Бавария”)