"Реал" Вальверде мен Тчуамениді €500 мың айыппұлмен жазалады

Бокс шолушысы

Мадридтік "Реал" жартылай қорғаушылар Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамениге қатысты тәртіптік шешім қабылдады.

"Реал" Вальверде мен Тчуамениді €500 мың айыппұлмен жазалады
thetimes.com

Ойыншылар клуб алдында түсініктеме берді

"Реал" таратқан ақпаратта Вальверде мен Тчуаменидің тәртіптік істі қараған жауапты тұлғалар алдында түсініктеме бергені айтылған. Екі футболшы да жағдайға өкініш білдіріп, бір-бірінен кешірім сұраған.

Сонымен қатар олар клубтан, командаластарынан, бапкерлер штабынан және жанкүйерлерден кешірім өтінген. Футболшылар клуб қандай шешім қабылдаса да, оны қабылдауға дайын екенін жеткізген.

"Реалдың" ішкі шешімі

Клуб осы жағдайларды ескере отырып, ішкі тәртіптік процедураны аяқтап, екі ойыншыға да қаржылай жаза қолдануды ұйғарды.

"Реал Мадрид" футбол клубы Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамениге қатысты тәртіптік істің аяқталғанын хабарлайды. Екі ойыншы да болған жағдайға өкініш білдіріп, клуб шешімін қабылдауға дайын екенін жеткізді. Осыған байланысты әр футболшыға €500 мың айыппұл салынды", — делінген клуб мәлімдемесінде.

Жанжал неден басталды?

7 мамыр күні команданың жаттығуы кезінде Вальверде мен Тчуамени арасында сөзге келіспеушілік болғаны хабарланған еді. Кейін бұл жағдай киім ауыстыратын бөлмеде төбелеске ұласқан.

Қақтығыс салдарынан уругвайлық футболшы Федерико Вальверде басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.