Алматыдағы жаңа стадион Чемпиондар лигасы ареналары тізіміне енді

Бас редактор

"Қайраттың" жаңа жобасы Еуропаның ең ірі стадиондарымен қатар аталды. 

Алматыдағы жаңа стадион Чемпиондар лигасы ареналары тізіміне енді
sportrbc.ru

Қазақстанда пайда болатын жаңа футбол стадионы Чемпиондар лигасы матчтарын қабылдай алатын ареналар қатарына қосылды. 

Аталған тізімге "Қайрат" жобасынан бөлек, әлемдік футболдағы ірі жобалар енген:

  • Барселонадағы жаңа "Камп Ноу"
  • Милан, Рим және Неаполь стадиондары
  • Париждегі ПСЖ аренасы
  • Лондон, Манчестер және Ньюкасл жобалары
  • Ыстамбұл мен Лиссабондағы жаңа ареналар

Stadiumdb.com порталы қазақстандық жобаға ерекше тоқталған: 

"Футуристік стадион концепциясын Алматының "Қайраты" да ұсынды. Бұл Чемпиондар лигасына қатысатын немесе оған ұмтылатын клубтардың амбициясы енді тек алаңда емес, архитектурада да көрініс табатынын дәлелдейді", — деп жазды басылым.

Қазақстандағы ең үлкен стадион болмақ

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа стадионның сыйымдылығы — 45 мың орын. Бастапқы жоба 35 мың адамға есептелген. Бірақ кейін көлемін ұлғайту туралы шешім қабылданды. 

Жаңа арена Құлжа тас жолы мен әуежай жолының аралығында орналасады. 

UEFA-ның ең жоғары санаты

Стадион UEFA-ның IV категориясына сай салынады. Халықаралық деңгейдегі кез келген матчты өткізе алады. Тіпті ірі турнирлердің финалдарын қабылдауға мүмкіндігі болады. 

Жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылдың IV тоқсанында аяқталуы тиіс.