ҚПЛ-дағы сенсация: "Каспий" сырт алаңда "Елімайды" жеңді
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры күтпеген нәтижемен аяқталды.
instagram/@caspiy_fc
Жалғыз гол шешуші болды
Ойынның тағдырын 78-минутта соғылған жалғыз гол шешті. Ақтаулық клубтың франциялық шабуылшысы Ноа Ндомбаси дәл соққысымен "Каспийге" маңызды жеңіс сыйлады.
Бұл жеңістен кейін "Каспий" турнирдегі жағдайын жақсартты. Команда еншісіндегі ұпай санын 7-ге жеткізіп, Қазақстан Премьер-лигасында 12-орынға көтерілді.
Ал "Елімай" 13 ұпаймен бесінші орында қалды. Семейлік клуб үшін бұл нәтиже өз алаңындағы күтпеген сәтсіздік болды.
Келесі турда кіммен ойнайды?
ҚПЛ-дың келесі турында, яғни 26 мамырда Андрей Карповичтің шәкірттері сырт алаңда "Ертіспен" кездеседі. Ал "Каспий" дәл сол күні қонақта "Ұлытауға" қарсы ойнайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet