Matchday: "Ертісте" бапкер жоқ, "Ұлытаудың" стадионы сын көтермейді
Сарапшылар Қазақстан Премьер-лигасының 9-турына шолу жасады.
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры бірнеше күтпеген нәтижемен есте қалды. Тур қорытындысы бойынша көшбасшылар қатарындағы командалар ұпай жоғалтып, чемпиондық бәсеке одан әрі шиеленісе түсті.
"Қайрат" пен "Ордабасы" жеке-дара алға шығатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал маусым басында чемпиондыққа таласады деп бағаланған "Елімай" екінші ойын қатарынан жеңіліп, жанкүйерлерін тағы да қапы қалдырды. Есесіне, "Ақтөбе" мен "Тобыл" маңызды жеңіске жетіп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсарта түсті.
Тур ойындарын талқылау үшін Matchday студиясына "Астана" футбол клубының ойыншысы Әлібек Қасым арнайы қонақ ретінде қатысты. Бағдарлама барысында әр матчқа жеке талдау жасалып, командалардың артықшылықтары мен әлсіз тұстары айтылды.
Резиденттер әдеттегідей ойындардың тактикалық қырын саралап, 9-турдан кейінгі басты қорытындыларды шығарды. Сонымен қатар эфир барысында Қазақстан футболына қатысты бірнеше маңызды инсайд та айтылды.