16 жастағы қазақстандық футболшы Бельгия біріншілігінде ойнайды
Бельгияның "Генк" клубы қазақстандық футболшы Шахмұрат Даулетовты U-18 командасының ресми құрамына қосты.
16 жастағы қазақстандық вингер бұған дейін клубтың жасөспірімдер жүйесінде өнер көрсетіп келген. Жақында ғана футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа ойын нөмірі мен есімі жазылған жейдесін жариялады. Еуропадағы жетекші академияларда бұл футболшының команда сапына ресми түрде енгізілгенін білдіреді. 2025/26 жылғы маусымда “Генк” U-18 командасы мерзімінен бұрын Бельгия чемпионы атанды. Қазақстандық футболшы маусым барысында 17 матч өткізіп, 4 гол соқты. Вингердің “Вестерло”, “Рода” және “Антверпен” клубтарына қарсы маңызды матчтарда соққан голдары оны командадағы негізгі ойыншылардың біріне айналдырды.
Еуропадағы мансап жолы
Шахмұрат Даулетов Еуропадағы мансабын 2024 жылы Бельгияның “Беерсхот” клубында бастаған. Небәрі 14 жасында қазақстандық футболшы “Генк” академиясының назарын аудартып, кейін бельгиялық клуб жүйесіне шақырту алған.
Қазір “Генк” клубының негізгі құрамасы Бельгияның Про-Лига кестесінде 54 ұпаймен 4 орында тұр.