Хаби Алонсо Сәтпаевтың бапкері болуға үміткер
Лондондық "Челси" клубы "Реал Мадридтың" бұрынғы бас бапкері Хаби Алонсоны жаңа басшылық қызметке үміткерлердің бірі ретінде қарастырып жатыр.
Шетелдік БАҚ мәліметтеріне сәйкес, “Челси” басшылығы испандық маманмен байланысқа шығып үлгерген. Клуб сәуірде қызметінен кеткен Лиам Росеньордың орнына лайық бапкер іздеуде. Лондондықтар Алонсоның заманауи футбол стилі мен ойыншылар арасындағы беделін жоғары бағалайды.
Бапкерлікке басты кандидаттар кім?
Қазір бапкерлік қызметке Андони Ираола, Марку Силва, Сеск Фабрегас, Оливер Гласнер, Филипе Луис сынды мамандар қарастырылуда. Клуб маусым айының ортасына дейін келіссөздерді аяқтап, жаңа маманды ресми түрде таныстыруды жоспарлап отыр. Қазір лондондық “Челси” Англия чемпионатының кестесінде 49 ұпаймен 9 орында тұр.
Испаниялық бапкер 2026 жылдың басында “Реал Мадридтен” кеткен еді. Ол мадридтік клубты небәрі алты ай жаттықтырды.
Бұған дейін “Ливерпульде" Алонсоға қызығушылық танытқан. Хаби Алонсо мансап жолында “Ливерпуль”, “Реал Мадрид” және “Бавария” сапында өнер көрсетіп, клубтармен бірге көптеген трофейлерді жеңіп алды.
Бапкер ретінде “Байер” клубымен тарихи чемпиондыққа қол жеткізіп, жеңіліссіз рекорд орнатқан. Қазір “Реалдың” экс-бапкері АПЛ-да жұмыс істеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сондықтан клубпен келіссөздер жақын уақытта қыза түсуі әбден мүмкін.