"Қайрат" бразилиялық легионермен еңбек шартын бұзды
"Қайрат" ФК бразилиялық шабуылшы Рикардиньомен келісімшартты тоқтатқанын хабарлады.
Рикардиньо "Қайратқа" қашан келген?
Рикардиньо алматылық клубқа 2025 жылдың шілде айына қосылған. Ол сары-қара жейдедегі алғашқы голын дебюттік ойынында "Тұран" қақпасына соққан.
Бразилиялық форвард еурокубок матчтарында да нәтижелі әрекетімен көзге түсті. УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде лиссабондық "Спортингке" қарсы нәтижелі пас беріп, "Арсенал" қақпасына гол соққан.
Бразилиялық шабуылшының статистикасы
Жалпы Рикардиньо "Қайрат" сапында 32 матч өткізіп, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
25 жастағы футболшы алматылық клубқа чехиялық "Виктория Пльзень" командасынан ауысқан. Осы маусымда "Қайрат" үшін 23 кездесуге қатысып, 1 гол және 1 ассист жасады.
Transfermarkt порталы Рикардиньоның нарықтық құнын 700 мың еуроға бағалайды.