Роналду ойнаған "Әл-Наср" 98-минутта жеңісті уыстан шығарып, чемпиондықты ерте тойлай алмады
Сауд Арабиясы чемпионатының 32-турында жанкүйер асыға күткен орталық кездесу өтті. Эр-Риядтағы матчта турнир көшбасшысы "Әл-Наср" басты қарсыласы "Әл-Хиляльді" қабылдады.
Кездесуге дейін Криштиану Роналдудың командасы 32 матчтан кейін 82 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұрған еді. Ал "Әл-Хиляль" 31 ойыннан соң 77 ұпаймен екінші сатыда келе жатқан.
Матчтағы есеп 37-минутта ашылды. Мохамед Симакан дәл соққысымен алаң иелерін алға шығарды. Дегенмен ойын соңында "Әл-Наср" жеңісті сақтап қала алмады. Қосымша уақыттың 98-минутында қақпашы Бентоның автоголынан кейін "Әл-Хиляль" таразы басын теңестірді. Нәтижесінде кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Криштиану Роналду негізгі құрамда алаңға шығып, 83-минутта алмастырылды. Бұл тең ойыннан кейін "Әл-Наср" чемпиондықты мерзімінен бұрын рәсімдеу мүмкіндігін жіберіп алды.
Қазір "Әл-Насрдың" еншісінде 83 ұпай, ал "Әл-Хиляль" 78 ұпайға ие.