Шымкентте УЕФА талаптарына сай жаңа стадион ашылмақ
"Ордабасы" клубының жаңа стадионы туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Заманауи спорт нысаны Шымкент қаласында салынып жатыр және болашақта халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдай алады.
35 мың жанкүйерге есептелген стадион Қаратау ауданындағы Тұран-2 шағынауданында орналасады, нысанның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Жоспар бойынша стадион УЕФА ұйымының 4-санат талаптарына толық сәйкес болады. Жоба аясында толық жабық шатыр, VIP-ложалар, заманауи LED-экран және 2500 орындық ауқымды автотұрақ жасалады. Арена халықаралық матчтарға бейімделген инфрақұрылым қарастырылған. Аренаның УЕФА талаптарына сай болуы алдағы уақытта Еуропа лигасы мен УЕФА ойындары сынды матчтарды өткізуге мүмкіндік береді.
Құрылыс қашан аяқталады?
Стадион құрылысының ресми ашылу рәсімі 2024 жылы өткен, құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталды. Алғашында нысанды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланғанымен, кейін ресми түрде пайдалану мерзімі 2028 жылға ауыстырылды. “ORDABASY ARENA” стадионы еліміздегі ең үлкен ареналардың біріне айналмақ. Жаңа стадион көлемі бойынша “Астана Аренадан” қалыспайды. 2009 жылы елордамызда ашылған стадион жалпы 30 200 көрерменге арналып салынған еді. Ал “Ордабасының” қазіргі алаңы сыйымдылығы 25000 адамға арналған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион.