"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Спорт шолушысы

Алматылық клубтың 2026/27 маусымдағы УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
"Қайрат" ФК

Тізімде “Сабах” (Әзербайжан), “Левски София” (Болгария), “Кауно Жальгирис” (Литва), “МЛ Витебск” (Беларусь) клубтары, сонымен қатар Люксембург, Андорра және Черногория чемпиондары бар.

Алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде сегіз матч өткізіп, Еуропаның алпауыт клубтарына қарсы ойнады. Атап айтқанда “Реал Мадрид”, “Интер” сынды танымал командалармен бақ сынасты. “Арсенал” қақпасына бір матчта екі гол соққан жалғыз команда атанып, әлемдік турнирді 36 команданың ішінде 35-орында аяқтады.

Қарсыластар туралы не белгілі?

Клубтардың арасында әлемдік турнирге “Сабах” пен “МЛ Витебск” алғаш рет қатысқалы тұр.

Еске салсақ әзербайжандық клуб сапында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсетеді. 

Ал “Қайраттың” қарсыласы болған клубтар арасында халықаралық турнирде тек “Арсенал” ғана қалды. Англиялық клуб 30 мамырда Будапешт қаласында өтетін финалда франциялық “ПСЖ” командасымен кездеседі.