Matchday: "Ордабасының" камбэгі және Сәтпаевтың қоштасуы
Бұл шығарылымда Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры талқыланды.
Matchday-дің кезекті шығарылымында Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры талқыланды. Атап айтқанда, тартысты кездесулер, күтпеген нәтижелер мен ерекше сәттер сөз болды. Мәселен, бұл турда "Қайраттың" "Жеңісті" ірі есеппен жеңуі, "Ордабасының" мінез көрсеткен камбэгі және "Ақтөбенің" әдемі голы назарсыз қалмады.
Бағдарламада тұрақты спикерлерге "Жеңіс" клубының қорғаушысы Мәди Хасейн қосылып, турдың басты ойындарына кәсіби көзқараспен баға берді.
Сонымен қатар, сарапшылар командалардың проблемаларын айтып, соғылған және соғылмай қалған голдарға бағасын беріп, дау тудырған сәттер туралы да айтты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet