Неймар оралды: Бразилия ӘЧ-2026 баратын құрамды жариялады

Бас редактор

Жуырда бас бапкер Карло Анчелотти төртжылдықтың бас додасына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. 

Неймар оралды: Бразилия ӘЧ-2026 баратын құрамды жариялады
Vesti.kz

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын 26 футболшыдан тұратын ресми тізімді жариялады. Жанкүйерлер асыға күткен аңыз шабуылшы Неймар құрамаға оралып, мансабындағы төртінші Әлем чемпионатына аттанбақ.

Бразиялықтардың толық құрамы:

  • Қақпашылар: Алиссон Беккер ("Ливерпуль"), Эдерсон ("Фенербахче"), Вевертон ("Гремио").
  • Қорғаушылар: Алекс Сандро ("Фламенго"), Глейсон Бремер ("Ювентус"), Данило ("Фламенго"), Дуглас Сантос ("Зенит"), Габриэль Магальяйнс ("Арсенал"), Рожер Ибаньез ("Аль-Ахли"), Лео Перейра ("Фламенго"), Маркиньос ("ПСЖ"), Уэсли ("Рома").
  • Жартылай қорғаушылар: Каземиро ("Манчестер Юнайтед"), Бруну Гимарайнс ("Ньюкасл"), Фабиньо ("Аль-Иттихад"), Лукас Пакета ("Фламенго"), Данило Сантос ("Ботафого").
  • Шабуылшылар: Эндрик ("Лион"), Габриэль Мартинелли ("Арсенал"), Игор Тиаго ("Брентфорд"), Луис Энрике ("Зенит"), Матеус Кунья ("Манчестер Юнайтед"), Неймар ("Сантос"), Рафинья ("Барселона"), Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид"), Раян ("Борнмут").

Неймар ұлттық құрама сапында соңғы рет 2023 жылы қазанда алаңға шыққан еді. Ауыр жарақаттар мен ұзақ үзілістен кейін "Сантос" шабуылшысының басты додаға шақырту алуы биылғы мундиалдың ең үлкен сенсацияларының біріне айналды.