Бірінші лиганың орталық матчы 2:0 есебімен аяқталды (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 7-турында Алматының "Қайрат-Жастар" командасы "Тұранға" қарсы маңызды жеңіске жетті.
Матч тағдырын екі гол шешті
Кездесуде алаң иелері нәтижелі әрі жинақы ойын көрсетті. "Қайрат-Жастар" сапынан Петр Трубин мен Мұхамедәлі Әбіш мергендігімен көзге түсті.
Осылайша алматылық жастар командасы турдың басты ойынында тікелей бәсекелесін жеңіп, турнирлік жағдайын едәуір жақсартты.
"Қайрат-Жастар" бірінші орынға көтерілді
Бұл жеңістен кейін "Қайрат-Жастар" ұпай санын 17-ге жеткізіп, Бірінші лиганың турнир кестесінде көш басына шықты.
Ал түркістандық "Тұран" 12 ұпаймен төртінші орында қалды. Команда үшін бұл жеңіліс жоғарғы орындар үшін күресте маңызды соққы болды.
Келесі турда "Тұран" Екібастұздың «Батыр» клубын қабылдайды. Ал алматылықтар сырт алаңда "Арысқа" қарсы ойнайды.
"Тұрандағы" кадрлық өзгерістер
Айта кетейік, 2026 жылдың басында "Тұран" кәсіпкер Дінмұхамед Ыдырысовтың басқаруына өтті. Ал наурыз айында команданың бас бапкері қызметіне Виктор Кумыков тағайындалды. Оның бапкерлер штабына ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Самат Смақов қосылды.