"Шахтер" төрт гол жіберіп, маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

Бокс шолушысы

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 7-турында "Астана М" өз алаңында қарағандылық "Шахтерды" жеңді.

"Шахтер" төрт гол жіберіп, маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
instagram/@birinshiliga

Матч басында көп гол соғылды

Ойынның есебі 10-минутта ашылды. Әрсен Ахметов баспен дәл соққы жасап, алаң иелерін алға шығарды. Бірақ араға бес минут салып, "Шахтер М" таразы басын теңестірді. Ауттан кейін ұйымдастырылған шабуылда Роман Асылбаев мергендігімен көзге түсті.

21-минутта Абзал Сағын елордалықтарды қайтадан алға шығарды. Дегенмен үзіліске дейін қарағандылықтар таразы басын тағы да теңестірді. Бұл жолы да гол ауттан кейін соғылды — Рифат Нұрмағамбет нәтижелі соққы жасады.

Екінші таймда "Астана М" шешуші басымдыққа ие болды

Үзілістен кейін елордалық ұжым қарқынын күшейтті. Аян Жақайым айып алаңы сыртынан әдемі соққы жасап, командасын үшінші рет алға шығарды.

Көп ұзамай Нұрәділ Серіков алаң иелерінің төртінші голын соқты. 66-минутта Марк Богачев "кеншілер" сапынан бір голмен жауап беріп, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ қарағандылық клуб матчты құтқарып қала алмады.Қорытынды есеп — 4:3.

"Шахтер" алғаш рет жеңілді

Бұл нәтиже "Шахтер" үшін маусымдағы алғашқы жеңіліс болды. Сонымен қатар қарағандылық команда биылғы Бірінші лигада алғаш рет өз қақпасына гол жіберді.

Осы сәтсіздіктен кейін "Шахтер" 16 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға түсті. Бірінші орынға 17 ұпай жинаған "Қайрат-Жастар" көтерілді.

Ал "Астана М" маңызды жеңістен кейін ұпай санын 9-ға жеткізіп, кестеде сегізінші орынға көтерілді.