Албаниялық сұрмерген "Тобылдан" кетті

Бокс шолушысы

Қостанайлық "Тобыл" албаниялық шабуылшы Рубин Хебайдың кеткенін ресми түрде хабарлады.

Албаниялық сұрмерген "Тобылдан" кетті
instagram/@rubinnhebajj

"Тобыл" Хебайға алғыс айтты

Клубтың мәліметінше, футболшы мен команда арасындағы келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметі шабуылшыға команда сапындағы еңбегі үшін ризашылық білдірді.

Албаниялық форвард "Тобыл" құрамында жалпы 10 матч өткізді. Осы кездесулерде ол 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Қазақстан суперкубогын жеңіп алды.

"Тобылдың" ҚПЛ-дегі жағдайы

"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының 10 турынан кейін 8 ұпай жинады. Қостанайлық клуб қазір турнир кестесінде 14-орында тұр.

Команда үшін бұл маусым оңай соғып жатқан жоқ. Сондықтан құрамдағы өзгерістер клубтың алдағы ойындардағы нәтижесіне әсер етуі мүмкін.