Криштиану Роналду мансабында сегізінші рет ұлттық чемпионатта топ жарды

Бокс шолушысы

"Әл-Наср" Сауд Арабиясының соңғы турында "Дамак" клубын 4:1 есебімен жеңді. Криштиану Роналду дубль авторы атанды.

Ұлттық чемпионаттардағы жетістігі

Криштиану Роналду бұған дейін Еуропаның бірнеше үздік чемпионатында топ жарған. Ол Англия Премьер-лигасында "Манчестер Юнайтедпен" үш рет чемпион атанса, Испания Ла Лигасында мадридтік "Реалмен" екі мәрте жеңіске жетті.

Сондай-ақ португалиялық шабуылшы А сериясында "Ювентус" сапында екі рет чемпиондық атақты жеңіп алған. Ал Сауд Арабиясындағы бұл жетістік Роналдудың жаңа кезеңдегі маңызды табыстарының бірі болды.

Қай клубпен чемпион бола алмады?

Роналду кәсіби мансабын бастаған туған клубы "Спортингпен" ел чемпионы атана алған жоқ.

Маусым айында Криштиану Роналду Португалия құрамасымен бірге әлем чемпионатындағы жорығын бастайды. Бұл мундиаль жұлдызды футболшы үшін мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты болмақ.