Қуат Хамитов Роналдуға қатысты тіл қатты

Спорт шолушысы

Жуырда Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапында Сауд Арабиясының чемпионы атанды. 

Қуат Хамитов Роналдуға қатысты тіл қатты
Vesti.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясындағы алғашқы ресми чемпиондық атағына қатысты пікір білдірді.

Португалиялық жұлдыз өнер көрсететін "Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 2025/2026 маусымында топ жарып, 2019 жылдан кейін алғаш рет ел чемпионы атанды.

Хамитов: "Криштиану — мықты"

Қуат Хамитов Роналдудың жетістігіне Instagram сторисінде реакция жасап, португалиялық футболшыны жоғары бағалады.

"Криштиану — мықты! Әділетсіздікті көргенде үнсіз қалмайтын адам да үздік!", — деп жазды Хамитов.

Қазақстандық файтер бұған дейін де Роналду туралы бірнеше рет жылы пікір білдірген. Ол португалиялық футболшыны еңбекқорлықтың, кәсібиліктің және спорттағы мінездің үлгісі ретінде атап жүр.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы чемпионатының 34-турында "Әл-Наср" өз алаңында "Дамакты" 4:1 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Криштиану Роналду дубль жасап, 63 және 83-минуттарда гол соқты.

Осы жеңістен кейін "Әл-Наср" маусымды 86 ұпаймен аяқтап, басты қарсыласы "Әл-Хилалды" екі ұпайға басып озды. Бұл — "Әл-Насрдың" клуб тарихындағы 11-чемпиондық атағы.

Жалпы, Криштиану Роналду үшін бұл Сауд Арабиясындағы алғашқы ресми чемпиондық титул. 2023 жылы ол "Әл-Насрмен" Араб чемпиондары кубогын жеңгенімен, бұл турнир ФИФА аясындағы ресми жарыстар қатарына кірмейді.