Жапония құрамасында ойнаған футболшы ҚПЛ-ге ауысуы мүмкін

Бас редактор

Ол наурыз айында жалақы мәселесіне байланысты "Бунёдкормен" келісімшартын бұзды. 

Жапония құрамасында ойнаған футболшы ҚПЛ-ге ауысуы мүмкін
Vesti.kz

Жапония жастар құрамасының бұрынғы футболшысы Ицуки Урата мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. ASnews.kz мәліметінше, қапталдағы қорғаушыға бір клубтан қызығушылық бар. 

Урата "Бунёдкордан" кетті

Ицуки Урата бұған дейін Өзбекстанның "Бунёдкор" клубында өнер көрсетті. Алайда жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты футболшы наурыз айында ташкенттік клубпен келісімшартын біржақты тәртіппен бұзған болатын.

Қазір ол еркін агент ретінде жаңа команда іздеп жүр. 

"Бунёдкордағы" көрсеткіші қандай?

Жапон қорғаушысы "Бунёдкор" сапына 2024 жылдың жазында қосылды. Содан бері 39 матч өткізіп, 2 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ицуки Урата Қазақстан футболында өнер көрсетуге бұған дейін де жақын болды. Өткен жылдың соңында "Ақтөбе" клубына ауысуға жақын еді. 

Сол кезде "қызыл-ақтар" басшылығы жапон ойыншысын Богдан Вэтэжелуге балама ретінде қарастырды. Алайда трансфер жүзеге аспай қалды.